• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:39:59
Алматы
+35°

Алматыдағы Ұлттық кітапханада 17 наурыз күні "Kelun-Kazpharm" компаниясының атқарушы директоры Мерей Сламұлының туғанына 60 жас толу мерейтойына орай "Бүгінгі Қазақстан және отандық өндіріс" атты дөңгелек үстел өтеді. 

Дөңгелек үстелде Президенттің кеңесшісі, Алматы облыстық әкімшілігінен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан арнайы өкілдер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлік компаниялардың басшылары: Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Өмірәлі Қопабаев, Заядан Болатхан Қазыханұлы, Зиябек Қабдульдинов, Дукен Мәсімханұлы,  Нәбижан Мұқаметханұлы, Байғали Есенәлі, Алмас Ахметбек және де өзгеде белгілі тұлғалар және ақпарат саласының өкілдері болады.

Мерей Сламұлы – белгілі кәсіпкер, меценат. 1963 жылдың 20 қаңтарында ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Құтыби ауданына қарасты Торғайты елді мекенінде дүниеге келген. Бастауыш мектепті Торғайтыда оқып, орта мектепті Құтыби ауданында бітірген. 1982-1986 жылдар аралығында Қытайдың әйгілі Нанкин Университетінің Биология факультетінде Ботаника мамандығы бойынша білім алған.

2014 жылы Мерей Сламұлы 5 жылда салынатын зауытты 1 жылдың ішінде іске қосып, 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал "Kelun-Kazpharm" – Қазақстанның ең ірі үштігіне кіретін, дәрі өндіретін, әлемдік фармацевтика саласында орны бар корпорация. 

Өндіріс Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы) орындау мақсатында құрылған.

Қазақстан бұл сала енді-енді дамып, аяққа тұрып келеді. Аталған сала монополияланғандықтан дәріні экспорттаудың өзіне миллиардтаған қаржы жұмсалады. Мысалы қатерлі ісікке қарсы дәрінің өзін еліміз 32 миллион долларға экспорттайды. Ал дәрәні өзіндік құны – 3-4 млн доллар. Кейін Мерей Сламұлы жеке зауыт ашып, осы саладағы монополияны жоюға атсалысты. 2015 жылы 30 млн долларға АҚШ тан экспорттап жүрген “Досетакцел” бір ғана дәрінің 22 млн долларын үнемдеді. Ал қазір аталған зауытта 20 шақты түрлі дәрі өндіреді. Оның 70%-ы ТМД елдеріне экспортталады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мерей Сламұлы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір