• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 09:24:04
Алматы
+12°

Колледж студенттері SMS хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлағандай, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады.

"Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі", – деді Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір