• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:54:27
Алматы
+35°
Қазақстанда Рамазан айы 23 наурызда басталады, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

"Біз ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен бірлескен шешім қабылдадық. Алла Тағаланың рұқсатымен Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал 17 сәуірден 18 сәуірге дейінгі түн – Қадір түні. 21 сәуір – Ораза Айт мерекесі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақа сомасы ел бойынша екі килограмм ұнның орташа бағасымен есептелінген. 

"Ұн бағасы ҚМДБ қалалық және аудандық бөлімшелері берген ақпарат негізінде анықталды. Сіз пітір садақаны құрма мен мейіз бағасымен тарата аласыз", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалалар бойынша ораза күнтізбесін жариялады.
 
тд
 
д
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір