Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән айтуға тыйым салынған "Пинта" бар мейрамханалар желісіне қарсы наразылық артты. “Табыс тауып отырған мемлекеттің тілі неге көңілдеріңнен шықпай қалды” деп жазған желі қолданушылары.
Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде "Пинта музыканттары" деген чаттың хабарламалары жөнінде фото тарады.
"Қазақша әндерді бұрынғыдай орындамаймыз. Егер тұтынушылар қазақша ән айтуды өтініп немесе талап етіп жатса плей-листте қазақ тілінде әндер жоқ екенін айтыңыздар. Бірден ресторан директорын шақырыңыздар. Қазақша ән айтуға тыйым салынғанын айтпаңыздар", делінген чаттағы хабарламада.
Алайда хабарламаның "Пинта" мейрамханасының қызметкерлеріне арналған чат екеніне нақты дәлел жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір