• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:59:26
Алматы
+35°

Украина Ресейдің басқыншылығын "аумақтық дау" деп атаған Флорида штатының губернаторы Рон Де Сантисті елге келуге шақырды, деп жазады BBC. Ол – 2024 жылы президенттік сайлауға түсетін кандидаттардың бірі. 

Экс-конгрессмен АҚШ-тың Украинаға көрсетіп жатқан көмегі "АҚШ үшін маңызы бар ұлттық мүдделердің" қатарына жатпайтынын айтты. Рон Де Сантистің бұл мәлімдемесі президент болып сайланатын болса АҚШ соғыстан зардап шеккен Украинаға көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін екенін білдіреді. 

Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Олег Николенко твиттердегі парақшасында Рон Де Сантистке жауап берді:

"Губернатор Рон Де Сантис бұрынғы әскери офицер ретінде "аймақтық дау" мен соғыстың айырмашылығын білетініне сенімдіміз. Ресейдің әрекетін тереңірек түсінуі үшін біз оны Украинаға шақырамыз". 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ РЕСЕЙ УКРАИНА

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір