16 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті Ресейге әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактарды алып өтпек болған көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлады. Ол "Қайрақ" автомобиль өткізу пункті арқылы өтпек болған.
"Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен әрекетімен «Газель» маркалы көліктің жүк бөлігінен әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактар табылды. Тасымалдау мұқаба тауарларын қолдана отырып жүзеге асырылған. Тауарларға ілеспе құжаттамада тауарлар туралы мәліметтер жоқ. Жүгі бар көлік өткізу пунктінің аумағында болады. Тауарлардың шығу тегін және әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.
Департамент дерегінше, мән-жайлар анықталған соң, бұл әрекетке қатысы бар адамдар жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір