• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:40:50
Алматы
+35°

Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында «Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры Мерей Сламұлының туғанына 60 жас толуына орай «Бүгінгі Қазақстан және отандық өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. 

«Kelun-Kazpharm» – үлкен көлемдегі инъекциялық ерітінділер шығаратын заманауи фармацевтикалық кәсіпорын, ірі кәсіпкерлік субъектісі. Зауыт автоматтандыру деңгейі жоғары фармацевтикалық өнімдерді шығаратын зауыттар арасында Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болып табылады. Қазір зауытта 350-ден астам адам жұмыс істейді.

"Дәрі-дәрмек саласын Қазақстандағы ең негізгі салалардың бірі болып есептеледі. Адам денсаулығымен байланысты болған соң маңызы зор. Дәрі-дәрмектің 70% Қазақстанға шетелден келеді. Бізге отандық өндіріс жетіспейді. Сол себепті осы салада еңбек етуді таңдадық. 10 жылдық еңбегіміз жақсы нәтиже көрсетіп келеді", деді Мерей Сламұлы. 

Майталманның 60 жылдық мерейтойы ғылым саласындағы үздіктердің басын қосып, осыған дейінгі еңбек жолына есеп беруге арналды. 

"Мерей Сламұлы пандемия кезінде халықтың денсаулығын сақтау бағытында көп жұмыс істеді. Елге қажетті дәрі-дәрмек шығарып, қолжетімді бағамен ауруханаларға жеткізіп отырды. Мерей Сламұлы тек қана кәсіп жасап жүрген меценат ғана емес, елдің руханиятын, мәдени мұрасын насихаттауға үлес қосып жүрген азамат", деді Шоқан Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов. 

Атаулы шараға президент кеңесшісі, Алматы облыстық әкімшілігінің қызметкерлері, ғылым саласының жүйріктері мен бірқатар кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мерей Сламұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев арқылы сәлем жолдаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір