"Қылмыстық іс қозғалды": Алматы облысында 14 жастағы оқушы қайтыс болды

/image/2023/03/17/crop-116_59_493x876_1645020498.jpg

Алматыдағы аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны хабарланды. 13 наурызда ата-анасы ұлын бір күн бұрын белгісіз адамдар аяусыз ұрып-соқты деп полицияға шағымданған.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша өтініштің келіп түскенін растады. Ал соққыға жығылған оқушы келесі күні қайтыс болды.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Ведомство сонымен қатар сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізілетінін айтты. Басқа ақпарат жария етілмейді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар