17 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Коммерсанть
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуден бас тартты. Бұған Израилдің Сириядағы жағдайға байланысты Ресеймен жасалған келісім себеп болып отыр, деп жазады kommersant.ru.
Сондай-ақ ол Израиль Украинаға гуманитарлық көмек көрсететінін және әуе дабылы кезінде ерте ескерту жүйелерін іске қосатынын атап өтті.
"Біз Израильде қиын жағдайға тап болғанымызды ашық және тікелей айтуымыз керек. Израильдік және ресейлік ұшқыштар Сирияның әуе кеңістігінде бір біріне жақын ұшады", - деді Нетаньяху.
EADaily Киевтің Израильден Украина жағына қару-жарақ жеткізуін белсенді түрде сұрағанын еске салады. Алайда Тель-Авив қазір мұндай қадамға барудан бас тартып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір