• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қараша, 22:38:08
Алматы
+12°

Қытайлық компаниялардың Ресейге мыңдаған мылтық, дрондар мен берен кеудешеге қажет жабдықтар тасымалдағаны белгілі болды, деп хабарлады Politico басылымы.

Аталған жабдықтар Ресейге 2022 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында жеткізілген. Қытайдың қорғаныс саласындағы ірі мердігер компанияларының бірі "China North Industries Group Corporation Limited" Ресей билігімен байланысы бар "Техкрим" компаниясына мылтық жөнелткен.

Ал дрондар мен берен кеудешеге қажет заттардың 12 партиясын Қытай Ресей шекарасына Түркия арқылы тасымалдап отырған. Тағы бір қытайлық компания желтоқсан-қараша айларында Біріккен Араб Әмірліктері арқылы Ресейге дрон детальдарын жіберген.

Алайда Украинадағы соғыста Ресейдің қытайлық мылтықтарды пайдаланып жатқанына дәлел жоқ.

Еске сала кетейік, батыс елдері Қытайды Ресейге қару-жарақ бермеуге үгіттеп келеді. Бұған дейін бірқатар халықаралық басылым барлау қызметіндегі дереккөзге сүйеніп, Пекин Мәскеуге қару беру мәселесін қарастырып жатыр деп жазған болатын. Қытай бейтараптық ұстанатынын, қақтығыс болып жатқан аймаққа қару сатпайтынын бірнеше рет мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қытай ресей украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір