20 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақтың лиро-эпостық жыры «Қыз Жібек» жапон тілінде жарық көрді. Эпосты Жапонияның Фольклортанушылар ассоциациясының мүшесі Шарафат Жылқыбаева аударып, Хоккайдо университетінің Құрметті профессоры Такэда Масанао пікір жазды.
Еңбектің кіріспесінде қазақ фольклоры мен жыршы-жыраулар туралы мәлімет беріліп, «Қыз Жібек» эпосының жиналып-зерттелу тарихы баяндалған. Сондай-ақ, бұл кітаптан жапон оқырмандар қазақтың жыраулық дәстүрінің ерекшеліктері, эпостардың қазақ мәдениетіндегі орны туралы біле алады.
Эпоста кездесетін этнографиялық терминдердің түсініктемесі кітаптың соңында берілген. Кітапқа даңқты суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ағымсалы Дүзелхановтың қылқаламынан туған суреттер енгізілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір