• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:16:06
Алматы
+7°

Бүгін «Жастар Үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері есеп беру баспасөз брифингін өткізді. Шараға журналистер Ерқанат Көпжасарұлы, Ақбопе Тәңірберген, Нұрсұлтан Құрман және жас депутат Дәулет Мұқаев қатысты.

ер

«Блок 20 ақпанда Алматы қаласында құрылды. Жастардың Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдігі 30% квотаны жабу үшін ғана емес, жас кандидаттарға қолдау көрсету идеясы бізді алға тартты. Бүгінгі таңда 100-ден астам жастарға қолдау көрсетілді. Ең бастысы, біз оларды партиялар немесе салалар бойынша бөлмей, барлық жүгінген кандидаттарға көмектестік. Әрине, біздің аудиториямыз бар болғандықтан, негізінен әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау көрсетілді. Жұмысымыздың маңызды көрсеткіштерінің бірі - жас кандидат, қоғамдық пікір көшбасшысы Дәулет Мұқаевтың жеңісі», - деп атап өтті журналист Ерқанат Көпжасарұлы.

реғ

«Жастар Үні» бастамашыларының бірі Ақбопе Тәңірберген партиялық тізімдерде жас кандидаттардың өкілдігі туралы статистиканы келтіріп, блоктың жұмысы жалғасатынын атап өтті:

«Кеше біз де барлығымен бірге алаңдап, атқарылған жұмыстың көрінісі болады ма екен деп, нәтижелерді күттік. «Жастар Үні» партияға қатыстылығына қарамастан өтініш білдіргендердің барлығына қолдау көрсетті. Алайда, біз өзіміз үшін партиялық тізімдерде жас кандидаттардың ұсынылуы бойынша статистика жасадық. Мысалы, 19 адамның ішінен 1 жас кандидат Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия тізімінде, «Ақ жол» - 54 адамның 6 - сы, «Байтақ» - 18 - ден 1-і, «Республика» - 25-тен 5-і, «AMANAT» - 90-нан 17-сі, «Халық партиясы» 52-ден 3-ін ұсынды, «Ауыл» партиясы - 25-тен 9-ы. Көрсеткіштер бар, енді біз бұл жас үміткерлердің экзит пуллдың соңғы нәтижелеріне сәйкес тізімге енгізілуі бойынша бақылаймыз», - дейді ол.

лдж

Сондай-ақ, блок өкілдері қазіргі уақытта қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді:

«Қазір біз хаттамаларды тексеріп, партиялық тізімдердің жариялануын күтудеміз. Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өткім келеді, өйткені оларды жас сайлаушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары қолдайды. Олар шынымен де Парламентке жаңашылдық әкелетініне және заң шығарушы органдарды «оята алатынына» сенімдіміз», - дейді Нұрсұлтан Құрман.

тол

Айта кетейік, «Жастар Үні» блогының бір айлық қызметі кезеңінде жас кандидаттарды ақпараттық қолдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мысалы, подкасттар түсірілді, блогтар шықты, посттар жарияланды және тағы басқалар. Бүкіл ел бойынша 100-ден астам адам қамтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір