• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:22:42
Алматы
+35°

Бүгін Алматыда сайлау нәтижесіне байланысты баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына Рысбек Сәрсенбай, Айжан Тлепова, Мұхтар Тайжан қатысты. 

Журналист, қоғам белсендісі Думан Мұхамедкәрімнің қарындасы Айжан Тлепова сайлауда заңсыз әрекет жасаған мұғалімдерді стажынан айыруды талап етті. 

дбьдж

"Мұғалімдер – біздің болашағымызды тәрбиелеп отыр. Бірақ кей мұғалімдердің кесірінен ұстаздар қауымына жаман ат келді. Сол мұғалімдерді стажынан айыруды талап етемін. Ал сайлауға қатыспай, қолын бір сілтеген адамдардың себебімен "Аманат" партиясы жеңіске жетті", деді Айжан Тлепова. 

Бұдан бөлек Айжан Тлепова ағасы Думан Мұхамедкәрімді жалғыз адамдық пикетке шығатын кезде ҰҚК ұстап алғанын айтты. 

"Іле ауданынан шықпай жатып террористі ұстағандай ұстап алды. 25 күнге қамалды", деді ол. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір