• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 03:07:01
Алматы
+12°

Алматыда өткен сайлау нәтижесіне байланысты баспасөз конференциясында Рысбек Сәрсенбай Халық парламентін құруға ұсыныс тастады.

"Бұл сайлаудың әділетсіз өткенін күштеп болсын мойындатуымыз керек. Егер Тоқаев "сайлауды әділ өтті", деп таныса, биліктен кетуін талап етуіміз қажет. Қазір найза кезеніп, дайын отырмыз. Тоқаев қатесін түсінсе түзетеді. Түсінбесе, оны президент деп есептей алмаймыз. Сайлау туралы заң мен сайлау комиссиясын өзгертуді талап етейік! Осындай істерді ұйымдастыру үшін бізге Халық парламенті керек",– деп мәлімдеді Рысбек Сәрсенбаев.

Ол Халық парламентінің құрамына ел арасында беделді, сөзінің салмағы бар тұлғалар мен болған жайттарды талдай алатын, ұсыныс тастай алатын адамдарды алу керегін айтып өтті.

"Халықсыз билік болмайтынын дәлелдейтін, оны іске асыратын сәт келді. Халық парламенті үшін жұмыс тобын құрып, арнайы жиын өткізейік. Ел сенетін, бұрын ешкімді алдамаған, шындықпен жүрген, білімді де білікті адамдардан Халық парламентін құрайық. Тек Алматымен шектелмей, әртүрлі аймақтардағы барлық азаматтарға айтайық" – деп үндеу тастады Рысбек Сәрсенбаев.

Сонымен қатар Рысбек Сәрсенбай Халық парламентін құруға сайлаудан жеңілген үміткерлер да қарсы емес екенін мәлім етті. Олардың қатарында Санжар Боқаев, Оразалы Ержанов, Инга Иманбай, Есенғазы Қуандық, Мұхтар Тайжан да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір