• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:05:37
Алматы
+12°

Саяси доданың жалыны біткенмен, жаңғырығы басылмай тұр. Әлеуметтік желіде бір-бірінің жеңісін мойындамай, небір сөзбен қаралап жатқандар көп. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты атанған Ерлан Стамбеков жеңіліс тапқан Санжар Боқаевтың негізсіз айыптауына жауап беріп, бейнеүндеу жолдады.

«Бұл күндері маған қарапайым азаматтар, сайлауда маған дауыс берген менің сайлаушыларым үндемей қалмауды және осы өтірік пен фактілердің ашық бұрмалануына жауап беруді сұрайды. Өкінішке қарай, сенімді адамдарым барлық учаскеде болғанына қарамастан (ал Боқаевтың еш жерде болмаған сенімді адамдарынан айырмашылығы), менің штабым барлық хаттаманы алған жоқ. Тіпті қолымдағы барларының өзі менің таза жеңісімді дәлелдейді», - деді Стамбеков.

Дәлел ретінде ол өзінің сенімді жеңісін көрсететін бірқатар сайлау учаскедегі дауыс берудің нәтижесін көрсеткен. Әрі 1999 және 2004 жылдары бір мандатты округтен сайлауға қатысқан, тәжірибелі адам ретінде әліптің артын бағуға, нәтижемен келіспейтіндерге ойын айтуға, хаттамаларды тексеруге және жеңілісті мойындауға мүмкіндік бергенін жеткізді. Сөз соңында қасиетті Рамазан айында қарсыласына лас ойынды тоқтатуға шақырды.

Стамбеков 1999 және 2004 жылдары бір мандатты округтен сайлауға қатысқан, тәжірибелі адам ретінде әліптің артын бағуға, нәтижемен келіспейтіндерге ойын айтуға, хаттамаларды тексеруге және жеңілісті мойындауға мүмкіндік бергенін айтты. Сөз соңында қасиетті Рамазан айында Боқаевқа нағыз ер адамға лас ойынды тоқтатып, жеңілісті мойындауға шақырды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Ерлан Стамбеков (@yerlanstambekov)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір