26 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан сайлауда жеңіске жеткен Ермұрат Бапи мен Абзал Құспанға үндеу жолдады.
Ол өзінің әлеуметтік парақшасында сайлаудың әділ өтпегенін, биліктің қайтадан былық жасағанын жазды.
"Аманаттықтарға енді сөз жоқ. Оларға бірдеңе айту мағынасыз деп санаймын. Бірақ мен Ермұрат Бапиді, Абзал Құспанды да бұндай жеңістерінен бас тартып, бізбен бірге, көпшілікпен бірге шынайы, адал сайлауды қайтадан өткізуді талап етуге шақырам" деп мәлімдеді Мұхтар Тайжан.
Сондай-ақ ол сайлауды қайта өткізуді талап ету керегін айтты.
"Өтірік сайлаудың арқасында депутат болу не пайда, не абырой? Өз басым бұндай депутаттық құрысын деп санаймын" деп хабарлады Мұхтар Тайжан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір