• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:04:25
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілерде Инчхон әуежайынан екі Қазақстан азаматы қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Енді олар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кореялық БАҚ-тың мәлімдеуінше, Нұрсұлтан Ырысбаев пен Үмижан Нарзуллаев есімді екі қазақстандық  Кореядағы Инчхон әуежайынан қашып, қалаға кірмек болған.

"Олар басқа қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы елге өтпек болған, бірақ бұл ойлары іске аспады" – деп жазды кореялық БАҚ.

Қазақстандықтың бірін полицейлер Тэджон қаласында дүкенде телефон зарядтап жатқан жерінен ұстап алған. Әлеуметтік желіде қамау орнынан түсірілген фотосурет тарады. Оның 2002 жылы туған Үмижан Нарзуллаев екені белгілі болды. Оқиға 24 наурыз күні орын алған. 

Әуежайдан қашпақ болған екі қазақстандық та Түркістан қаласының тумасы екені анықталды. Қазір іздестіріліп жатқан Нұрсұлтан Ырысбаев 18 жаста. 

Сондай-ақ, сот болған жағдайда екеуі де төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: корея қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір