• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:48:55
Алматы
+12°

Өзбекстанда тұрмыстық зорлық–зомбылық қылмыстық құқық бұзушылық санатына ауыстырылып, психологиялық қысым және кәмелетке толмаған балаларға көрсетілетін зорлық–зомбылық үшін жаза заң жүзінде күшейтілді, деп жазады uz.sputniknews.ru

"Депутаттар кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң қабылдап, сенатқа жіберді", деп хабарлайды Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.

Соңғы қабылданған заңнамаларға сәйкес енді әйелдер мен балаларға физикалық, экономикалық және психикалық зорлық–зомбылық жасағандар заң алдында жауап береді. Ал алимент төлеуден жалтарғандар ақылы қоғамдық жұмыстарға салынатын болды.

Сонымен қатар, адамның жеке өмірі мен ар–намыс, қадір–қасиетін қорлайтын мәліметтерді жария еткендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Еске сала кетейік, былтыр Өзбекстанда той үстінде қалыңдыққа қол көтерген күйеу жігіттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, резонанс тудырған болатын. Күйеу жігітке қатаң жаза қолданылмады. Содан бері өзбек қоғамында әйелдерге көрсетілетін зорлық – зомбылыққа бей–жай қарамайтындар саны артты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір