• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 22:20:07
Алматы
+12°

Бүгін Дүниежүзілік театр күні. Белгілі жазушы, драматург Антон Чехов "театр–тобырдан ұлт қалыптастыратын жер" деп театр өнерін жоғары бағаласа, әлемнің бірінші ұстазы Аристотель әр қойылым адамды катарсиске түсіруі керек деп санаған. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі театр өнері туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

♦ Қазіргі сериалдардың түп тамыры театр қойылымдарында жатыр. Ежелгі Сицилия сахналарында бір жылға созылатын қойылымдар қойылатын болған. Көрермендер күн сайын қойылымның жалғасын көру үшін театрға жиналған.

♦ Ежелгі Римдіктер қанды көріністі тамашалағанды жақсы көргені сонша, театрдағы қойылым барысында кейіпкер өлуге тиіс болса, актерды өлім жазасына кесілген қылмыскермен алмастырып, сахнада өлтіре салған.

♦ Алғашқы фонограмма Ежелгі Римдегі театр қойылымында қолданылған. Өз заманындағы белгілі драматург Ливи Андроник тек пьеса жазып қоймай, кейіпкерлерін өзі сомдауды да ұнатқан. Бірде тамағы бітеліп, дауысы шықпай қалған ол сахна сыртында арнайы дайындалған баланы керек кезінде сөйлетіп қойып, өзі тек аузын жыбырлатып тұрған.

♦ Ежелгі Ионикалықтар көрермендердің қол шапалақтап, қошемет көрсеткеніне қатты көңіл бөлген. Қойылым көруге бір қолы ғана бар адамдар келсе, бір жерге жиналып, тақырбас құлдардың басын қолмен ұру арқылы қошемет көрсететін болған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: театр өнер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір