• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:44:44
Алматы
+35°

Германия Үкіметі қаңтар айында Украинаға танк жіберуге келіскен болатын. Германия қорғаныс министрлігі араға екі ай салып,  Leopard 2 танктерінің алғашқы партиясы Украинаға жөнелтілгенін хабарлады.

"Leopard 2 – НАТО елдері шығарған ең жақсы жауынгерлік танктердің бірі болып саналады. Одан кейінгі он сегіз жауынгерлік танк украин әскері қолдануды  үйренгеннен кейін жеткізілмекші", деп мәлімдеді BBC News.  

Қорғаныс министрі Борис Писториус танктер  соғыстың алдыңғы шебінде тұрып, шешуші үлес қоса алатынына сенімді екенін айтты.

Украинадан келген хабарламаға қарағанда, Ұлыбритания Челленджер 2 танктерін де майдан алаңына жіберген.

Еске сала кетейік, Украина бірнеше айдан бері Ресей басқыншылығына қарсы күресу үшін жетілдірілген көліктер мен қару–жарақ талап етіп келген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір