• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 22:32:36
Алматы
+8°

Бұл көшеден жүріп өткен екі көлік жүргізушінің бірі бұрынғы әкім Бауыржан Байбекті міндетті түрде еске алады. Иә, бұл – өзіңізге жақсы таныс Тимирязев көшесі. Жеңіл көліктер тек бір жолақпен жүргендіктен, таңғы және кешкі уақыттарда көшенің бойы қаптаған көлік, кептеліс болады. Жеңіл көліктер үшін қолайсыз болғандықтан жол көлік апаттары жиі болып тұрады.

Бүгін түсірілім тобымен бірге осындай оқиғаға тап болдық. Асыққан жеңіл көлік пен қоғамдық көлік жүргізушілері бағдаршам қиылысында бір-біріне жол бермей, салдары ЖКО әкеп соқты. 2018 жылы Алматы қаласының экс-әкімі Тимирязев көшесінің бойына BRT желісін енгізгенде, жергілікті БАҚ өкілдері  қауіпті жол апаттары болуы ықтималдығын қозғаған. Оның үстіне, кезінде стандарттарды бұзып салынған BRT жүйесі кептеліс мәселесін шешкен жоқ.

Ортадағы қос жолақта қоғамдық көліктерге арналған. Өздеріне жол ашылғанына қарамастан жеңіл көліктің жалғыз жолағына жиі өтіп кете беретін олардың пікірі басқа.

Айтып кеткеніміздей, кептеліс мәселесі BRT-мен шешілмеген. Көлік кептелісімен қоса, қақ ортасында қалталы аялдамасы бар бұл көшеден екі мезгіл адам кептелісі де арылмайды.

Тимирязев бойындағы бұл ахуалдың күрделілігін қаланың қазіргі әкімі Ерболат Досаевтың өзі де мойындап еді. Тіпті, ортадағы қоғамдық көлік жолағын екі шетке ауыстыруы мүмкін екенін мәлімдеген. Мәселені шешу үшін, өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданатынын да айтты. Алайда әзірге қашан, қалай, белгісіз боп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда BRT бастапқыда стандартқа қайшы салынған болатын. Стандарт бойынша, бір бағыттағы көлік қозғалысы үшін үш жолақтан аз болатын көшелерде бөлінген жолақтарды ұйымдастыруға тыйым салынған.

Осыған байланысты Қамшы порталы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа ресми сауал жолдады. Алдағы уақытта қала әкімінің жауабын жариялайтын боламыз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір