• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:10:35
Алматы
+12°

Бүгін үйқамақта отырған Жанболат Мамай соттағы соңғы сөзін сөйледі. Ол өзіне тағылған айыптардың шындыққа жанаспайтынын айтып, қарсы тарап бірде–бір дәлел көрсете алмағанын мәлімдеді.

Сот отырысында Жанболат Мамай өзін "Демократиялық партия" жетекшісі әрі ұлтжанды азамат ретінде таныстырды. 

"Алып мемлекетте небәрі 20 миллион адам тұрамыз. Бұл Қытайдың бір-ақ қаласының тұрғындарымен тең. Сол 20 миллион адамның ұлан ғайыр жері мен мол байлығы бар. Алайда олар гүлденген мемлекетте өмір сүру орнына кедейліктің шегіне жетті. Шындықты ашық айтқаным үшін мені соттағаннан ештеңе өзгермейді. Біз халықтың мұң-мұқтажын айтқандарды қудалағанша, сол мәселелердің шешу жолын іздеуміз керек"– деді ол.

Сонымен қатар, Жанболат Мамай қаңтар оқиғасының шынайы бағасын беретін уақыт келгенін де айтты.

"Қанды қаңтар кезінде бір жігіттің 30 самса ұрлағаны үшін тергеу изоляторына түскенін естідім. Велосипед немесе мопед ұрлап сотталғандар да болды. Иә бұл қылмыс және жауапқа тарту дұрыс. Бірақ қылмыс пен жаза бір-біріне сай болу керек. Біреу 30 самса үшін сотталса 30 жыл елді тонағандар жауапқа тартылмайды. Неге айыпталғандар арасында милиардтаған қаражатты жымқырған жемқорлар жоқ?"– деп мәлім етті ол.

Жанболат Мамайдың ісі бойынша сот үкімі 10 сәуір таңертең оқылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін прокурор Жанболат Мамайды 6,6 жылға соттап, журналисттік және қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салуды сұраған еді.

Ал Рысбек Сәрсенбаев прокурор сұранысын  "президентке табан тіресіп қарсыласатын адамды саяси аренаға шығармаудың есебі, биліктің қылмысын әшкерелемеудің амалы" деп бағалаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір