• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 14:26:44
Алматы
+7°

Египет Ресейге жасырын түрде 40 мың зымыран жіберуді жоспарлаған деп мәлімдейді, "Вашингтон пост" газеті.

"АҚШ барлау қызметі жариялаған құжатқа сәйкес, Мысыр президенті Абдул Фаттах Ресейге жасырын түрде жіберу үшін қол астындағыларға 40 мың зымыран жасауды бұйырды", – деп жазады басылым.

Газеттің мәлімдеуінше, президент шенеуніктерге Батыс наразы болмауы үшін зымыран жасау мен Ресейге жеткізу жоспарын құпия ұстауды тапсырған.

Жария болған құжатта Мысыр президенті Салах ад–Дин есімді адамға зауыт жұмысшыларына снарядтардың Мысыр әскеріне арналғанын айтуды міндеттеген. Басылым  Салах ад–Дин Мысырдың әскери өндіріс министрі Мұхамед Салах ад–Дин болуы мүмкін деп жазды.

Газеттің хабарлауынша, Салах ад–Дин  қажет болған жағдайда зауыт жұмысшыларына ауысыммен жұмыс істеуге нұсқау беретінін, бұл Мысыр үшін Ресейдің жақсылығын қайтарудың жолы екенін мәлімдеген.

Бірақ Мысыр Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ахмед Әбу Зейд Египеттің саяси ұстанымы Украидағы қақтығысқа араласпау екенін айтты. Ол Мысырдың екі тарапты да қақтығысты тоқтатуға және келіссөз арқылы бейбіт шешімге келуге шақыратынын мәлімдеді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір