11 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Вашингтондағы Freedom Now үкіметтік емес ұйымы Жанболат Мамайға қатысты шыққан сот үкімін сынға алды. Аталған ұйым сот шешімін жою жөнінде үндеу жолдады.
Сот үкімі Жанболат Мамайдың Қазақстан үкіметін заңды сынағаны үшін үнін өшіруге арналған ұзаққа созылған қудалау ісінің шарықтау шегі болып табылады", делінген Freedom Now атқарушы директоры Маран Тернердің мәлімдемесінде.
Кеше Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шығып, "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен алты жыл шартты түрде бас бостандығынан айырды. Жанболат Мамайдың өзі бұл айыпты мойындаған жоқ. Сондай-ақ алты жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыспен, журналистикамен, пулицистикамен айналысуға, қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуға тыйым салынған.
Freedom Now Жанболат Мамайдың саяси қызметпен айналысуына кедергі жасау үшін сот осындай үкім шығарды деп хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір