• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:18:58
+35°

Ақпараттық–технологиялар қарыштап дамыған заманда сұранысқа ие мамандардың бірі – IT саласының қызметкерлері. Жасанды сананың дамуы адамзаттың ақыры ма, ақылы ма? Осы орайды "Daryn.online", "ordagen.kz" жобаларының авторы, IT маман әрі кәсіпкер Нұрбақыт Жұлдызбай жасанды интеллект бойынша жұмыс істейтін бағдарламалаушы Айтан Қаметтен сұхбат алды.

Сұхбат барысында IT саласының өткені мен болашағы сөз болды. Роботтардың пайда болуы адамзат жұмысын жеңілдеткені сөзсіз, бірақ соның салдарынан жұмыс орнынан айырылғандар да жоқ емес.

Жақында Илон Маск бастаған бір топ IT маман жасанды сананың дамуына шектеу қою керегін айтып, дабыл қаққан еді. Алайда қазақстандық программистер жасанды сананың дамуын қолдайтынын мәлімдеді.

"Жасанды сана даму сатысының шыңына жеткенде мемлекеттің жұмысы тек қана адамдарды тамақтандыру болып қалады. Себебі  жұмыстың бәрін роботтар жасап, адамдар өз уақытын  рухани дамуға ғана арнайды" – деді Нұрбақыт Жұлдызбай. 

Ал Айтан Қамет адамзаттың жасанды сананы дамытудағы басты мақсаты роботтарды қара жұмысқа салу арқылы бар уақытын өз идеяларына арнап, жасампаздыққа бет бұру екенін айтты.

Сонымен қатар, сұхбат барысында адамзаттың жасанды сананың дамуы арқылы жеткен жетістіктері сөз болды. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Qamshy Voice Уoutube каналынан көре аласыздар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір