• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:39:09
Алматы
+12°

Ұлттық статистика бюросы бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқанын хабарлады.  Бұл статистика 2021 жылмен салыстырғанда 7,7% аз. 

Сондай-ақ 33,2 мың ажырасу (74,6%) қалаларда тіркелсе, ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді.

Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалады. Бұл қалада ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.

2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз. Статистика бойынша, өткен жылы 85,4 мың неке (66,5%) қалаларда, 43,0 мың неке (33,5%) ауылдық жерлерде тіркелген. 

Ерлердің 79,1%-ы және әйелдердің 81,0%-ы бірінші рет үйленсе, ерлерде ажырасқаннан кейін некені тіркеу үлесі 19,6%, әйелдерде - 17,6% болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір