• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:21:40
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратистік әрекет жасағаны үшін 18 адам жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев хабарлады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО дағы департаменті Қылмыстық кодекстің 180 бабы, 2 бөлігіне сәйкес "БАҚ арқылы сепаратизмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Айыпталушылардың тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Дәлел заттар алынды. Атап айтқанда, флешка және тағы басқа заттар. Осы заттар және топ мүшелерінің айтқан сөздері бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Сіздер олардың қандай сөз айтқанын білесіздер. Сараптама Әділет министрлігімен бірлесіп жүргізіледі. Ол 1 ай жүргізіледі. Біз жақын арада осы сараптаманы аламыз. Оның қорытындысы бойынша және әр адамның айтқан сөзі негізінде оларға тағылатын айыптың баптары көрсетіледі", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ Жандос Өміралиев айып тағылғаннан кейін жазаны сот тағайындайтынын айтты.  Прокуратураға тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысы жеткілікті негіз берсе, оларға айып тағылып, жауапқа тартылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан корпарациясына бағынбайтынын хабарлаған бір топ белсендінің видеосы жарияланды. Видеода Петропавл қаласының тұрғындары Халықтық жұмысшылар кеңесін құрып, Қазақстаннан бөлініп, "тәуелсіздігін" жариялаған. 

Жиында 19 адам жаңа декларацияны, Жарғы жобасын, символиканы, Халық Кеңесінің мөрін бекітіп, 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы бойынша өмір сүретіндерін айтқан. Олар өздерін "Ұлы отан соғысында жеңіске жеткен батырлардың ұрпағымыз" деп таныстырған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сқо сепаратизм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір