• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 11:06:02
+7°

Нұрбол Ясымбек 2006 жылы Атамекенді аңсап, Қытайдан көшіп келген. Бүгінде 50 ден асқан көпбалалы әке перзенттерін жалғыз өзі асырап, әрең жан бағып отыр.

Әйелі дүниеден өтпей тұрып ол мал бағып күн көрген. Алайда аяқ астынан жұбайының жүрегі сыр беріп, басындағы жалғыз баспанасын, қолындағы бар малын сатса да әйелін ажалдан арашалап қала алмады. Содан бері тағдыр тауқыметін тартып келеді.

Ясымбектің қолында балаларынан бөлек 90 ға келген әкесі бар. Үлкен ұлы IT маманы боламын деп ұмтылып жүріп, анасы қайтқан соң арманын ары ысырып, күн көру үшін жалдамалы жұмысшы болып жүр.

"1,5 жыл құлдықта жүрдім. Сол жерде жүріп бір саусағымды да бердім. Алғашында 100 мың деп келіскенбіз, артынан құл болып кеттім. Кейін таныстарым мен қарт әкем заңға жүгініп жүріп құлдықтан әрең шықтым"– деп мұңын шақты Нұрбол Ясымбек .

Тұрақы жұмысы жоқ, жанкештінің күнін көріп жүрген оның соңғы күндері денсаулығы сыр беріп, іс істеуге жарамай барады.

Өзі үшін емес, балаларының болашағы үшін алаңдаған әкенің басында баспанасы да жоқ. Туыстас келіні суықта далада қалмасын деп бір бөлмесін уақытша босатып берген. Қазір көпбалалы әке отбасымен бірге төрт қабырғада күнелтіп отыр.

Атамекенін аңсап келген қандасымызға көмектескіңіз келсе +77056934589 нөміріне қаражат жіберіп, хабарласа аласыз. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құлдық көмек қандас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір