• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:31:01
+12°

бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады. Бұл мәліметке қарағанда, соңғы үш жыл ішінде 270 әскери қызметкер өлген.

«2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болды: 2020 жылы – 78 әскери қызметші, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы – 11. Өлім жағдайларының ең көп тараған себептеріне тоқталсақ, ауырып қайтыс болу – 36%, көлік апатының салдары – 24%, суицид – 20%. Алайда өз-өзіне қол салу жағдайы бәрімізді алаңдатып отыр. Суицид профилактикасын талдау нәтижесі әскеріміздің қоғамның бір бөлігі ретінде жағымсыз жағдайға тәуекелі барын көрсетті», - деді Мақсат Қазиев. 

Суицид деңгейі бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 20-орында, ал жасөспірімдер арасында үштікке кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір