• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:05:35
Алматы
+12°

Алматыда Кенжеғали Сағадиевтің 85 жылдық мерейтойына орай халықаралық форум өтті. Форумда әлемдік оқиғалардың экономикаға әсері, әлемдік қаржы архитектурасы, халықаралық сауда және инфрақұрылым туралы жаһандық мәселелер туралы сөз қозғалды.

Аталған шараға профессор Жақсыбек Күлекеев, СДУ университетінің проректоры Қайрат Молдашев секілді ғалымдар мен шетелдік профессорлар қатысты. Де Монфорт Қазақстан университетінің экономика кафедрасының доценті Мазен Дивани Қазақстан мен Үндістан, Қытай арасындағы жаңа келісімге байланысты пікір білдіріп, оның экономикаға тигізер әсерін баяндады.

"Ең бірінші Қазақстан мен Қытай арасындағы еркін сауда-саттық жөніндегі келісім Қазақстан үшін де, Қытай үшін де тиімді болатынын айтқым келді. Екі тарап үшін тиімділікті есептеу де осыны көрсетті. Негізінен бұл келісім Қазақстан үшін Қытайға қарағанда ұтымды болар еді. Өйткені Қытайдың ірі көлемдегі экономикалық жағдайы мен еркін сауда қарым қатынас Қазақстанға үлкен пайда алып келетіні сөзсіз. Сол себепті менің ойымша Қазақстан бұл келісімге міндетті түрде қол қоюы керек", деді шетелдік экономист. 

Форумға қатысқан спикерлер Ресей мен Украина арасындағы соғыс экономика саласына жаңа өзгерістер енгізетінін айтты. Сондай-ақ Қазақстан экономикасы қалыпты түрде өсіп келе жатқанын, алдағы уақытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізге болады деп болжам жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір