24 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлытау облысы Жаңарқа ауданы Сәкен Сейфуллин ауылында алкаголь өнімдері ішілмегендіктен, соңғы жылдары қылмыстық іс те тіркелмеген. Тұрғындар өз еркімен ішімдік атаулыдан бас тартқан.
Тұрғындардың айтуынша, ауылда ішімдік ішілмегендіктен, бұзақылық тыйылған. Соңғы 3 жылда Сәкен Сейфуллин округінде бірде–бір қылмыс тіркелмеген. Алкогольдан бас тартуды ауыл жастары ұсынған.
"Жастарымыз өте белсенді. Ішімдіктен бас тартқандықтан ауылымыз тыныш. Есігіміз ашық жатады, ешқандай ұрлық орын алған жоқ ",– дейді ауыл тұрғындары.
Аталған ауылдық округтің құрамына үш елдімекен кіреді. Мыңға тарта тұрғынға қызмет көрсететін учаскелік инспектор ауыл іші тыныш болғандықтан, көбіне аудан орталығында жұмыс істейтінін айтты.
"Бұл ауылда соңғы жылдары қылмыстық іс тіркелген жоқ. Ауыл жастары кәсіби мал шаруашылығымен және спортпен айналысады", - дейді учаскелік инспектор Сәкен Қартаев.
"Хабар 24" арнасының мәлімдеуінше, ауылдағы төрт дүкенде ішімдік атауыл сатылмайды,.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір