27 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов халықаралық іздеу салынған Күдебаевтің ұсталғанын растады. Бас прокурордың айтуынша, Күдебаевті Түркиядан алып келген.
Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде комендант ретінде полиция департаментінің ғимаратынан кетіп, тәртіпсіздікке қатысушылардың қару ұрлауына мүмкіндік берді деп айыпталған болатын.
Ол сот отырысына келмей қашып кеткен еді. Кейін Күдебаевтің Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, Бішкектен Ыстамбұлға ұшқаны белгілі болды. Содан бері Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір