27 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты, бұрынғы оқу–ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ересектерге арналған қазақ тілі курстарын көбейту қажет екенін алға тартты. Депутаттың айтуынша, осы кезеңге дейін қызметте жүргенде айналадағы әріптестері өзінен қазақ тілін жақсы оқытатын тәжірибелі маман ұсынуын сұрап келген.
"Мемлекеттік тілді түсініп, үйреніп жүргендер, сөйлеуге тырысатын басшылар саны күннен–күнге артуда. Мен облыста басқарма басшысы болып жұмыс істеп жүрген кезімде көптеген әріптестерім менен көмек сұрайтын. Министр болып жұмыс істеген кезімде де көптеген шенділер қазақ тілін үйрететін жақсы мұғалім ұсынуымды өтінді", – деді Аймағамбетов.
Сонымен қатар, депутат қазір мемлекеттік қызметкерлер қазақша оқуды үрдіске айналдыру керегін де айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір