• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 08:37:33
Алматы
+12°

Сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде "Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау" белгілері бар екені анықталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. 

"2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» құрылғаны жөніндегі видеоны əлеуметтік желілерде орналастыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігімен (сепаратистік қызмет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Сол күні құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдардың тəжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Алынған материалдар бойынша сот психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша материалдарда Қазақстан Республикасын ыдыратуды насихаттау, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттау белгілері бар", - делінген хабарламада. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір