• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:50:26
Алматы
+35°

Қандастарды балағаттаған павлодарлық әйелдің үстінен ұлтаралық араздық тудырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Василий Скляр мәлімдеді. 

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қолданушылардың бірі Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөздер айтып, балғаттағын видео жариялағанын байқадық. Бұл дерек Павлодар қаласы ПП Солтүстік полиция бөлімінде тіркеліп, құқық бұзушылық анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық әйел болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді Василий Скляр.

Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. 

Еске сала кетейік, 1 мамырда желіде тараған видеода Настя Бровка есімді қолданушы қандастарға ғана емес, басқа да "жаңадан келгендерге" тіл тигізген. Сонымен қатар, ол Павлодардың атын өзгертуге де қарсы пікір айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір