• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:18:16
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде Петропавл қаласының мәслихат депутаты Павел Афанасьевтің телеграм–арнасындағы жазбасы қызу талқыланып жатыр. Депутат өз жазбасында Петропавл қаласының атауын өзгерткісі келетіндерді "мәңгүрттер" деп атаған. 

"Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавлды өзгертуге барыңдар", – деп жазған ол.

то

Бұған дейін ол халықаралық тақырыптағы белгісіз автордың бірнеше жазбасын бөліскен. Ол жерде "Украинадағы неонацизм қалай күшейгені" туралы жазылып, 2014 жылғы Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс Ресей призмасымен суреттеледі. Жазбада украиналықтарды "нацик" деп атайды. Осы жазбаны қалалық депутат "өте қызықты ақпарат" деп телеграм–арнасына салып қойған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір