• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:51:25
Алматы
+35°

Оралда совет маршалы Жуков ескерткішіне унитаз апарған белсенді 10 күнге қамалды.

Оралда әкімшілік сот 53 жастағы белсенді Жаннат Ахмедияровты 10 күнге қамады. Одан бұрын ол совет маршалы Жуков ескерткішіне унитаз апарып, Украинаны қолдап, акция өткізген.

Азаттық радиосының хабарлауынша, белсенді шешімге келіспейтінін, апелляцияға шағым беретінін айтқан.

10 мамырда полиция белсендіні қала орталығындағы алаңда Азаттыққа сұхбат беріп тұрған жерінен ұстап әкеткен. Сот белсенді ұсталған сәттен кейін шамамен 3 сағат өткен соң болды. Белсенді ұсталмай тұрып, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ахмедияровты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жазаға тарту мәселесін қарап жатқанын хабарлаған.

9 мамырда Жаннат Ахмедияров Facebook-тегі парақшасында совет маршалы Жуков мүсіні маңында Украина елтаңбасы бар баскиім киіп түскен суретін жариялаған. Жуков ескерткішінің жанында унитаз тұрғаны көрінеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаннат ахмедияров

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір