• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:34:58
Алматы
+35°

Путиннің "ата-анасының қабіріне жазба қалдырған" зейнеткер шартты түрде екі жылға сотталды.

"Құрметті ата-ана! Ұлыңыз білгенін істеп жатыр. Тарих сабағына бармай, көрші партада отырғандармен төбелеседі, мектепті жарамын деп қорқытады! Шара қолданыңыздар!" деп жазған зейнеткер Ирина Цыбанева.

Зейнеткерді "жерленгендерді қорлау ісі" бойынша шартты түрде екі жылға соттаған.

Жазбада ол Путиннің "ата-анасынан маньякті өздерімен бірге алып кетуін" де сұраған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Сотта зейнеткер мұндай әрекетке Украинадағы соғыс туралы жаңалықты көргеннен кейін эмоцияға беріліп жасағанын, ядролық соққыдан қатты қорыққанын айтты.

Алайда прокурор зейнеткер Путин мен ата-анасын жек көргендіктен жазба қалдырды деп айыптаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: путин ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір