Фото: Ашық дереккөз
Мереке Құлкенов Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды. Бұған дейін одақты басқарған Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының басшылығынан бас тартатынын айтқан болатын.
"Жазушылар оппозиция болмау керек. Оппозиция деген ол мемлекет басшысына қарсы деген сөз" - деді Құлкенов.
Ол Тоқаевты мақтап, мемлекет басшысы жазушыларға жақсы көңіл бөліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, жазушылардың жағдайы жақсы болатынын да мәлімдеді.
Мереке Құлкенов — 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Думан Рамазан Жазушылар одағының басшылығына өзін ұсынған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір