• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 12:47:51
Алматы
+7°

Атырауда полицейлер белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Қазақстан ІІМ ресми арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, полиция  журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдікпен ер адамды ұстаған.

"Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады", - деліген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасып жатқаны хабарланды.

Еске сала кетейік, 11 мамырда "ҚазАқпараттың" Атыраудағы меншікті тілшісі Виктор Сутягиннің көлігі өртенген болатын. Виктор Сутягиннің айтуынша, түнгі екіден кейін ер адамның көлігіне жақындағанын, көлік маңынды бірдеңе жасағаны камераға түсіп қалған, содан кейін көлік өртенген.

Қылмыстық кодекстің 202 бабы,  3 бөлігі бойынша жәбірленушінің арызы тіркелген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір