Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының әкімдігі Тимириязев көшесіндегі BRT жолақтарының еш өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Бұған дейін Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматыдағы Тимириязев көшесіндегі кептеліске қатысты арнайы репортаж дайындап, қала әкіміне хат жолдады.
Қала әкімінің ресми жауабы бойынша алдағы уақытта BRT жолақтарын жолдың шетіне ауыстыру жоспарда жоқ.
"BRT жолақтарының жолдың ортасында (жолдың жүріс бөлігінің ішкі жолағы) орналасуы жол қозғалысына қатысушылардың көлік кептелісі, реттелмейтін тұрақтар және таксилердің көше бойында тоқтау және т.б. салдарынан туындаған жағдайлардың қоғамдық көлікке әсерін азайту үшін қажетті шешім болып саналады. BRT жолақтарының жолдың шеткі жағында (жолдың жүріс бөлігінің шеткі оң жақ жолағы) орналасуы реттелмеген автотұрақтар толығымен жойылған жол учаскелерінде қарастырылған. Сонымен қатар, автоматты қозғалысты басқару жүйесін орнату арқылы BRT желісіндегі қоғамдық көліктерге көптеген қиылыстарда басымдық беріледі", делінген хатта.
Сондай-ақ қала әкімдігі BRT желісінің дәлізін Тимирязев көшесіне орналастырудың бірнеше себебіне тоқталып өтті.
- Тимирязев көшесінде қоғамдық көлікті пайдаланатын жолаушылар көлемінің үлкендігіне байланысты;
- Тимирязев көшесін Жасыл дәлізге айналдыру әлеуеті, бұл қоғамдық көліктерден басқа жаяу және велосипед жүргіншілерге оң әсерін береді;
- Тимирязев көшесі арқылы өтетін транзиттік қозғалысты параллель жатқан көшелеріге көшіру (Жандосов көшесі, Әл-Фараби даңғылы);
Еске салсақ, Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Титықтатқан Тимирязев. Жүргізушілер жырын Досаев тыңдай ма?" атты арнайы репортажында көше бойындағы ұзын-сонар кептелісті көрсетіп, көлік жүргізушілердің пікірін білген еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір