• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:24:22
Алматы
+35°

ШҚО Алтай аудандық мәслихаты Ленин ескерткішін жөндеуге бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлуді мақұлдаған. 1962 жылы тұрғызылған ескерткіштің қызыл гранит тұғыры жөнделеді, әзірге ескерткішті жөндейтін мердігер анықталмаған.

"Владимир Ильичтің қоладан құйылған бұл ескерткіші – Шығыс Қазақстанда тұрған, совет көсемінің құрметіне арналған жалғыз ескерткіш. Әлі күнге аудан орталығындағы алаңның сәнін келтіріп тұр, халық бұл тарихи орынға құрметпен қарайды", – деп жазды жергілікті басылым бұл жайында.

Алтай аудандық мәслихатының төрайымы Лариса Гречушникова ескерткіш жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде тұрғанын айтқан.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова "ескерткіш идеологиялық тұрғыда ескірді" деп санайды, "бірақ тарихи ескерткіштер тізімінде тұрғандықтан жөндеу керек".

 

Дереккөз: Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ленин қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір