• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 21:52:52
Алматы
+12°

Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтаған. 

"2021 жылы сотталушы "Antares" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған.  Ол азаматтарды алдап, пирамидаға қолма–қол ақша салуға шақырған. Пирамида құрбандары күнделікті пайда көретініне сеніп қалған" – делінген хабарламада.

Нәтижесінде 33 жәбірленуші жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық ақшасын пирамидаға салып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда сот қылмыскердің жүктілігі мен кәмелетке толмаған 3 баласы барын есепке ала отырып, жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір