• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:33:32
Алматы
+35°

Қандас мәртебесін алу үшін өтінімдер Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қабылданады. Жаңа тетік бірқатар мемлекетте пилоттық режимде іске асырылып жатыр, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"Бұл елге келу, жұмыс орны мен тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей–ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратынша, қазір этникалық қазақтардан өтініш қабылдау Қазақстан сыртқы істер министрлігінің визалық режим елдеріндегі (Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан) мекемелерінде пилоттық режимде жүргізіліп жатыр. Кейінірек елшіліктер арқылы өтінім қабылдау визасыз режимі бар елдерде де жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның шет елдердегі мекемелері арқылы шетелде тұратын этникалық қазақтардан 771  өтініш қабылданды. Сондай–ақ, Маңғыстауда облыс әкімі орынбасарының басшылығымен қандастарды жайғастыру және қабылдау жөніндегі арнайы комиссия құрылды, ол этникалық қазақтардың өңірде тұруға өтініштерін дербес қарайды.

"Тұрақты негізде жұмыс істейтін осындай комиссиялар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде құрылады", – деп мәлімдеді еңбек министрлігі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қандас қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір