• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:07:26
+35°

Павлодар облысында психикалық денсаулық орталығының 16 емделушісі аштық жариялаған. 

"Сот шешімімен мәжбүрлі түрде психикалық денсаулық орталығынан ем алып жатқан 16 адам тамақтан бас тартты",– деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Қахан Иманбековтың айтуынша, емделушілер медициналық демалыс талап еткен. Алайда 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес сот шешімімен алкоголь мен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделіп жатқан науқастарды демалысқа шығаруға болмайды.

Бұрын науқастар медициналық демалыс алып, біраз уақытқа босатылатын.  Бірақ олардың ешқайсы емханаға қайта оралмаған, деп хабарлады КазТАГ ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар, емделушілер орталықтағы тамаққа сын айтқан. Қахан Иманбеков бір науқасқа берілетін бес мезгіл тамақ құны 1123 теңге тұратынын атап өтті. Бұл ауруханалар үшін ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Келіссөздерден кейін аштық жариялаған 16 адамның бесеуі тамақ іше бастаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір