18 Мамыр, 2023 Алматы
Фото: Ашық дереккөз
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Coca-Cola жарнамасы үшін өшірілген қар барысы муралына қатысты жақында болған жанжалға пікір білдірді.
Досаев муралдарға ресми мәртебе берілмесе, мәселе шешілмейтінін қадап айтты.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының жобалық кодексі пысықталуда, онда муралдар бөлініп, жарнаманы орналастыру мен өзгертуге қатысты мәселелерді сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісу қажеттігі көрсетілген.
«Өкінішке қарай, Coca-cola жарнамасына қатысты оқиға МИБ жұмысының салдарынан болды - өкілдер келісімге қол қойып, қосымша 1,5-2 миллион теңге алған. Ал компания бүйір қабырғаға «бұл біздікі» деп жарнама іліп қойған . Және бұл - дұрыс, өйткені бүгінгі муралдармен не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ. Қалада әртүрлі қабырға суреттері бар: қорғауды қажет ететін өнер туындылары және әртүрлі себептермен бір уақытта пайда болғандары да жетеді. Олар қаланың сәні емес. Өңірлер бойынша қабырға суреттерінің тізімін жасап, шешеміз. Муралдарды заңдастыру керек. Қаламыздағы ғимараттардың қаңырап бос тұрған сұр қабырғаларын толтыру үшін біз суретшілермен жұмыс істейміз», - деді Доасев.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтар қар барысы бар қабырға суретін өшіргені үшін наразы болған еді. Оның орнына Coca-Cola жарнамасы пайда болып, әлеуметтік желілерде сын тудырды.
Кейінірек Coca-Cola компаниясы жарнама үшін басқа үйдің қабырғасы таңдалғанын, бірақ тұрғындардан қажетті келісімді алу мүмкін болмағанын айтты.
Содан кейін балама ретінде Меншік иелері бірлестігі рұқсатымен қар барысы бар қабырға ұсынылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір