• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:53:46
Алматы
+12°

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ҚАЖ мекемелерінде бейнебақылау камераларының көмегімен 3 402 заңбұзушылық анықталған. 

ІІМ мәліметінше, бүгінгі таңда ҚАЖ мекемелерінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған, бұл "көрінбейтін аймақтарды" да жояды. Қылмыстық–атқару жүйесі мекемелеріне үздіксіз бейнебақылау жүргізу  төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеу үшін қойылған. Камералар адамның жеке басын немесе автокөлікті анықтап қана қоймай, оператордың аумаққа тексеру жүргізуі арқылы жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектке негізделген.

"Биылғы жылдың бірінші тоқсанында камералар ұстау режимін бұзудың 3 402 дерегін анықтады. Ал өткен жылы 2 779 құқық бұзушылық болған. Тыйым салынған заттарды енгізудің 4 жолы анықталды. 79 қақтығыс пен 9 топтық бағынбау тоқтатылды. 13 суицид пен 3 рет түрмеден қашудың алдын алды. Бір жылдың ішінде ҚАЖ мекемелерінде қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар саны 4 есеге азайды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға және заңсыздықтардың алдын алуға бағытталғанына қарамастан, сотталғандар 293 камераны істен шығарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Ұстау режимін бұзушыларға қатысты келтірілген залалды өтеумен қоса 45 тәртіптік жаза қолданылды, 49 сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: түрме заңбұзушылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір