22 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
18 жылға бас бостандығынан айырылған Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсірді, деп мәлімдеді Астана қаласының мамандандырылған соты.
"Айыпталушы апелляцияға шағым жазған, бірақ шағым апелляциялық сотқа әлі түскен жоқ. Іс аса құпия қаралғандықтан, басқа мәліметтерді жариялауға болмайды", – деді соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін "мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға тырысты" деп айыпталып, 18 жылға сотталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір