23 Мамыр, 2023 NEWS

Фото: ratel_kz
Ресей аумағынан шыққан өрт "Семей орманы" табиғи резерватына тарады.
Жалын 1100 гектар жерді шарпыған. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, жақын маңдағы ауылдарға қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында 41 төтенше жағдай қызметкері мен 44 техника жұмыс істеп жатыр.
Жергілікті әкімдіктер көмекке 4 су тасушы КамАЗ, жер жыртуға 3 МТЗ жіберген. ТЖ қызметкерлері өрттің Ресей аумағынан таралғанын мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір