23 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей Қазақстаннан жалға алған 8,5 млн гектар жерді полигон ретінде пайдаланып келеді. Жалға берілген аумақтың әр гектары – 1050 теңге. Бұл баға 2005 жылдан бері өзгермеген.
Қорғаныс министрлігіндегілердің мәліметінше, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарындағы аумағы 7 миллион гектар болатын Сары–Шаған сынақ алаңы Ресейге жалға берілген.
Бұл полигондарда Ресей қарулы күштері әскери техникаларын сынақтан өткізеді. Ведомствоның хабарлауынша, бұдан қазынаға жыл сайын 10 миллиард теңге табыс түседі. Жалға алу шарты 1993–2030 аралығына жасалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір